Қарт адамдарға арналған Йога

Қарт адамдарға арналған Йога

Әр аптаның сәрсенбі мен жұма күндері белсенді ұзақ өмір сүру орталығында жаттықтырушы Наталья Мажерина қарт адамдарға йога сабақтарын өткізеді. Қазіргі уақытта Алматыдағы санитарлық дәрігердің шешімімен, эпидемиологиялық жағдайға байланысты сабаққа 65 жасқа дейінгі қарт адамдар қатыса алады.
Сабақтың кешеніне жұлынға арналған жаттығулар кіреді, бұл қарт адамдарға омыртқаның, тізедегі, буындардағы ауырсынуды болдырмауға, сондай-ақ жаттығулар жасау арқылы денеге күш, қуат пен жастықты қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Йога жаттығуларымен айналысатын қарт адамдар денсаулығын жақсартумен қатар, шыдамдылықты қалыптастырып, эмоцияларын басқаруды үйренеді.