Алмалы ауданында «Заң мен Тәртіп» жобасы аясында іс-шара өтті

Алмалы ауданында «Заң мен Тәртіп» жобасы аясында іс-шара өтті

 «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығында Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппаратымен бірлесіп «Заң мен Тәртіп» жобасы аясында іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Алмалы ауданының жетекші заңгерлері мен кәсіби медиаторлары қатысты.
Кездесу барысында тұрғындарға өзекті құқықтық мәселелер бойынша тегін заң көмегі көрсетіліп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолдары, сондай-ақ даулы жағдайларды медиация тәртібімен реттеу мүмкіндіктері түсіндірілді.
Іс-шара барысында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және дауларды бейбіт жолмен шешу мәдениетін дамытуға ерекше назар аударылды.
Осындай іс-шараларды өткізу заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайтуға, халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға, сондай-ақ азаматтар, заңгерлер қауымдастығы және мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты дамытуға ықпал етеді.
Заң мен Тәртіп әрбір азаматтың құқықтық сауаттылығы мен құқыққа деген құрметінен басталады.

#ЗаңМенТәртіп #ЗаконИПорядок #АлмалыАуданы #БақыттыОтбасы #ҚұқықтықКөмек #Медиация #Алматы