Алмалы ауданының жастары «Барыс» командасының қатарына қосылды

Алмалы ауданының жастары «Барыс» командасының қатарына қосылды

Алмалы ауданының жастары қоғамдық белсенділікті дамыту, маңызды әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру және қала өміріне белсенді атсалысу мақсатында «Барыс» командасының қатарына қосылды.
Бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарының қатарында жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын арттыру, аға буын өкілдеріне қолдау көрсету, әлеуметтік жобаларды іске асыру және жергілікті қауымдастықтың дамуына бағытталған бастамаларды жүзеге асыру көзделген.
Бұл бағыт команда мүшелері үшін жаңа емес. Соңғы бірнеше жыл бойы жастармен бірлесе түрлі жобалар жүзеге асырылып, қоғамдық белсенділік пен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Жинақталған тәжірибе енді «Барыс» командасының құрамында жалғасын тауып, жаңа бастамаларға серпін береді.
Алдағы кезеңде жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға, тұрғындарға алдағы сайлаудың маңызы туралы кеңінен ақпарат беруге және қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысудың маңызын насихаттауға ерекше көңіл бөлінетін болады.
Ортақ мақсат жолында күш біріктірген жастар алдағы уақытта да қаланың дамуына өз үлесін қосып, әлеуметтік бастамаларды қолдап, жастардың қоғам өміріне белсенді араласуына жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруды көздейді.