
Елорда күніне орай «Күмбірле, домбыра, жасай бер, Астана!» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шара қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұлттық өнердің көркін айшықтады.
Концерт бағдарламасында домбыраның қоңыр үнімен орындалған қазақтың таңдаулы күйлері мен халық әндері, сондай-ақ патриоттық шығармалар шырқалды. Сахнада белгілі өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, көрермендерге әсерлі музыкалық кеш тарту етті.
Мерекелік концерт Елорда күніне арналған іс-шаралардың бірі ретінде ұлттық мәдениеттің бай мұрасын, ата дәстүрдің сабақтастығын және елордаға деген ерекше құрмет пен сүйіспеншілікті дәріптеді.
Мерекелік концерттің бейнежазбасын сілтеме арқылы тамашалай аласыздар https://www.instagram.com/p/DacZ0w2MjBB/ Мереке құтты болсын!