Алматы қаласының жасыл желектерін қорғау ережелерінде қарастырылған бұзушылықтарды алдын алу және ескерту мақсатында жасыл желектердің сақталуына мониторинг жүргізу барысында, Алмалы аудандық ПБ ЖПҚБ табиғатты қорғау полиция бөлімшесімен, аудан әкімдігінің қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімімен бірлесе отырып, Сейфуллин даңғылы Мақатаев қиылысы көшесінде, «Ес Энерджи KZ» ЖШС Алматы қаласындағы қолданыстағы байланыс - электр кабельдік желілерін жаңғыртып (жөндеу және қайта жаңарту) жүзеге асыралатыны анықталды.
Жұмыстарды жүргізу барысында 4 дана жапырақты ағаш түрлерінің (шегіршін) тамыр жүйесі зақымданды. Сонымен қатар жүк көліктері арқылы балшық жол бойына шығарылды.
Аталған факті бойынша учаске басшысына қатысты ӘБ туралы ҚРК 505-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осыған ұқсас фактілерге жол бермеу мақсатында басшылықпен қолданыстағы заңнаманың ережелерін сақтау және жасыл желектерге ұқыпты қарау туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.