
Алмалы ауданы әкімдігінде «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Отырыс барысында байқауға қатысуға өтінім берген 48 отбасының құжаттары жан-жақты қаралды. Комиссия мүшелері конкурс қағидаларында белгіленген бағалау талаптарын басшылыққа ала отырып, ұсынылған материалдарға әділ әрі ашық бағалау жүргізді.
Қорытындысында отбасылық құндылықтарды дәріптеуде, ұлттық дәстүрлерді сақтауда, ұрпақ тәрбиесінде және қоғамдық өмірге белсенді қатысуда өзгелерге үлгі бола білген екі отбасы аудандық кезеңнің жеңімпазы атанды.