
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Үлкен Алматы өзені арнасының шығыс жағалауында, Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі аумақта ауқымды сенбілік өткізілді.
Акцияға қатысушылар аумақты санитарлық тазалау, тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жұмыстарын жүргізіп, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға және қала ортасын абаттандыруға өз үлестерін қосты.
Іс-шараға жалпы саны 400-ге жуық адам қатысты. Жұмыстарды жүргізу үшін 25 арнайы техника жұмылдырылды. Акция қорытындысы бойынша аумақтан 70 текше метр қоқыс шығарылды.
Өткізілген шара экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қала тазалығын сақтауға бағытталған кезекті маңызды қадам болды. Тұрғындар мен коммуналдық қызметтердің бірлескен күш-жігерінің арқасында өзен жағалауы бұрынғыдан да таза әрі қала тұрғындары үшін жайлы бола түсті.