
№62 гимназияда аудан тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері қысқаша таныстырылып, алдағы кезеңге жоспарланған негізгі міндеттер мен басым бағыттар баяндалды. Одан кейін қатысушылар ашық диалог алаңында өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесу барысында ұзақ баяндамалар мен ресми есептерге емес, тұрғындарды толғандыратын нақты мәселелерді қарастыруға басымдық берілді. Іс-шара белсенді форматта өтіп, тұрғындар түрлі салалар бойынша ондаған сұрақ қойды. Кездесу уақытының басым бөлігі көтерілген мәселелерді жан-жақты талқылауға және оларды шешу жолдарын қарастыруға арналды.
Кездесуге мәслихат депутаттары, полиция және прокуратура органдарының өкілдері, сондай-ақ аудандық басқармалар мен салалық бөлімдердің қызметкерлері қатысты. Тұрғындар тарапынан түскен барлық өтініштер, ұсыныстар мен ескертулер тіркеліп, әрі қарай қарау үшін тиісті құрылымдық бөлімшелерге жолданды.
Іс-шара соңында тұрғындармен сындарлы пікір алмасуға мүмкіндік туғаны атап өтіліп, кездесуге қатысып, өз ойлары мен ұсыныстарын білдірген барлық азаматтарға алғыс айтылды. Тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымы аудандық деңгейдегі мәселелерді жедел әрі тиімді шешуге ықпал ететіні ерекше атап өтілді.
Аудан аумағында жайлы әрі қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар тұрғындармен тығыз өзара іс-қимыл негізінде алдағы уақытта да жалғасатын болады.