Аудан әкімінің халықпен кездесуі 9 маусымда өтеді

Аудан әкімінің халықпен кездесуі 9 маусымда өтеді

2026 жылғы 9 маусымда сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін Алмалы ауданының әкімі Шамшин Арман Нұржановичтің халықпен кездесуі өтетінін хабарлаймыз.
Өтетін орны: Алматы қаласы, «Ш. Смаханұлы атындағы №62 гимназия» КММ, Түркебаев көшесі, 4.

Іс-шараға Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, прокуратура органдарының өкілдері, аудандық басқармалардың басшылары мен қызметкерлері қатысады.

Халықтан өзекті және басым мәселелер бойынша ұсыныстарды қабылдау келесі телефондар арқылы жүзеге асырылады: 📞 313-31-08, 313-31-12, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы: Instagram: @akimat_almaly, Facebook: @akimatalmaly, Telegram: @almalyaudany.

Баршаңызды қатысуға шақырамыз!