
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Алмалы ауданында 450-ден астам адамды біріктірген ауқымды патриоттық флешмоб ұйымдастырылды. Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен өткен іс-шара мерекелік күннің жарқын оқиғасына айналды.
Акцияға белсенді жастармен қатар 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілері де қатысты. Қатысушылар еліміздің мемлекеттік рәміздеріне деген құрметтерін білдіріп, бірлік, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмнің үлгісін көрсетті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны – ел тәуелсіздігі мен егемендігінің басты нышандары. Олар мемлекетіміздің тарихын, мәдени мұрасын және ұлттық құндылықтарын бейнелейді.
Мемлекеттік рәміздер күні әрбір азаматқа ұлттық құндылықтардың маңызын, халық бірлігін және ел болашағы алдындағы жауапкершілікті еске салады.