«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» акциясы аясында комиссия отырысы өтті

«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» акциясы аясында комиссия отырысы өтті

Алмалы ауданының Отбасын қолдау орталығында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акциясы аясында Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Алмалы аудандық комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтарын қорғау және отбасы құндылықтарын нығайту мәселелері талқыланды.
Егер сіз немесе жақындарыңыз отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болсаңыздар, құқықтарыңыздың бұзылуы бойынша көмекке мұқтаж болсаңыздар немесе кеңес алғыңыз келсе, келесі байланыс нөмірлеріне хабарласа аласыздар:
📞 102 – Полиция
📞 111 – Ұлттық сенім телефоны
📞 150 – Отбасы және құқықтарды қорғау мәселелері бойынша сенім телефоны