Балаларды қорғау күніне арналған мереке жарқын әсер сыйлады

Балаларды қорғау күніне арналған мереке жарқын әсер сыйлады

Дүйсенов атындағы жаяу жүргіншілер аймағында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл күн қуанышқа, шаттыққа және көтеріңкі көңіл күйге толы нағыз мерекеге айналды.

Кішкентай қонақтар үшін қызықты әрі мазмұнды ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Көңілді аниматорлар, тартымды байқаулар, әсерлі шоу бағдарламалар мен түрлі тосынсыйлар балаларға ерекше қуаныш сыйлады. Балалардың сыңғырлаған күлкісі мен шат-шадыман жүздері мерекенің көркін аша түсті.

Мерекелік концертке қатысқан тұрғындар мен қонақтар көтеріңкі көңіл күйге бөленіп, ұмытылмас әсер алды. Іс-шара балалар мен ата-аналардың бірге уақыт өткізіп, мерекелік атмосфераны сезінуіне және жарқын естеліктер жинауына мүмкіндік берді.

Бұл мереке балаларға қамқорлық көрсетіп, олардың бақытты балалық шағына жағдай жасаудың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.