Алмалы ауданының №30 қалалық емханасында жаңа медициналық жабдықтардың тұсаукесері өтті. Аталған іс-шарада гемотологиялық талдауыш, биохимиялық анализатор, коагулограмма, маммографиялық жүйе, ультрадыбыстық диагностика жүйесі, электрокардиограф, рентген аппараты, бейнеэндоскопиялық кешен, «КАМАЗ» автокөлігі базасында орналасқан жылжымалы медициналық кешен секілді жаңа жабдықтармен таныстырылды.
Аталған іс-шара ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың халыққа жолдауының «Ұлттық денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар барлық медицина мекемелерін қажетті құрал-жабдықтармен толық жарақтандыруға, науқастарға арналған орындар қорын 50 пайызға жаңартуға, ескірген инфрақұрылымды ауыстыруға, өмір ұзақтығын болжамды 75 жасқа дейін жеткізуге мүмкіндік береді» аясында өттi. Осы орайда, жаңа медициналық жабдықтар, денсаулық сақтау саласында қызмет көрсетудің сапасын арттырып, аудан тұрғындарының денсаулығының жақсаруына септігін тигізеді.