Киіз басу курсы

Киіз басу курсы

Алмалы ауданы  «Бақытты отбасы» орталығында  көпбалалы аналарға арналған киіз басу оқыту курсы өтті. Киізбен жұмыс жасау техникасының шебері Раушан Ниязбаева тағы да шеберлік сабағын өткізді, оқыту барысында дымқыл киіз басу техникасы арқылы - жүнді қолдана отырып, сабынмен илеу көрсетілді. Көпбалалы аналар бұл оқыту курсы арқылы көптеген сәнді киімдер, киізден жасалған пима, тәпішке, қазақша кәжекей жасауды үйрене алады. Оқыту курсын өткендердің барлығы болашақта өз ісінің шебері ғана емес, сонымен қатар іскерлік пен қолөнерлік бағытын ары қарай сақтау арқылы, ізбасар атанады.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау «Бақытты отбасы орталығы» Алмалы ауданы Наурызбай батыр 106-А, мекен-жайында орналасқан.