Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша кеңес

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша кеңес

Алмалы ауданы әкімінің аппаратында Алматы қаласының Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Қаниұлы Ахетовтың қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселесі бойынша кеңес өткізілді.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметшілердің этикалық талаптарды ұстануы және адал басқару қағидаларын нығайту бағытында дәріс өткізілді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту, мүдделер қақтығысының алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейту мәселелеріне баса мән берілді.