
Алмалы ауданы әкімдігінде көпбалалы аналарды марапаттау рәсімі өтті. «Күміс алқа» төсбелгісімен ауданымыздың төрт тұрғыны - Айгерім Ахметова, Үлбике Баршамуратова, Ләззат Райымқұлова және Динара Тлеубергенова марапатталды. Барлығы бірдей 6 бала анасы.
Көп балалы ана болу - күнделікті тұрмыстық тіршілікпен ғана шектелмейді. Үлкен жауапкершілік, мол сабыр мен зор жан еңбегі.
Қазіргі таңда ауданда екі мыңнан астам көпбалалы отбасы тұрады, ал 300-ден астам ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларымен марапатталған.
Барша аналарды шын жүректен құттықтаймыз және олардың маңызды әрі күрделі еңбегі үшін алғысымызды білдіреміз!