Алмалы ауданының дамуы: 2026 жылға арналған басымдықтар мен жоспарлар

Алмалы ауданының дамуы: 2026 жылға арналған басымдықтар мен жоспарлар

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында брифинг өтті, онда Алмалы ауданының 2026 жылға арналған даму жоспарлары таныстырылды. Аудан әкімі Арман Шамшин сондай-ақ журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында ең өзекті мәселелер талқыланды: қыс мезгілінен кейінгі шұңқырларды жөндеу жұмыстарының басталуы, коммуналдық қызметтер тарапынан асфальт төсеу сапасын бақылау, сондай-ақ ғимараттардың қасбеттерін жаңарту. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және жайлы қалалық ортаны қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды, оның ішінде аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді және жасыл аймақтарды абаттандыру қарастырылды.