
Құрметті алматылықтар! Алмалы ауданының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді көктем мен жаңарудың жарқын мерекесі — Наурыз мейрамын бірге қарсы алуға шақырамыз!
21 наурыз күні М.К. Ганди атындағы саябақ аумағында күтеміз. Біз сіздер үшін бұл күнді жарқын әрі әсерлі өткізуге арналған ауқымды концерттік бағдарлама мен серуендер дайындадық.
Мерекелік бағдарламада:
• 11:00 - 12:00 — DJ AKHMETOFF-пен бірге мерекелік көңіл күй сыйлаймыз
• 12:00 - 16:00 — үлкен мерекелік концерт
• Дәстүрлі тағамдар: Наурыз көже мен бауырсақтардан дәм тату
• Бүкіл отбасыға арналған көңілді ұлттық спорттық ойындар
Сіздер үшін өнер көрсетеді:
• Аңызға айналған Роза Рымбаева
• ALASHULY тобы
• Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» оркестрі
• Арнайы қонақ — ROBOT TEMIRBEK
Отбасыңызбен, достарыңызбен және жақындарыңызбен бірге келіңіздер. Наурыз мейрамын бірге атап өтейік! Сіздерді асыға күтеміз!