Алмалы ауданында «СПОРТ – ДОСТЫҚ АЛАҢЫ» ұлттық спорт фестивалі өтті

Алмалы ауданында «СПОРТ – ДОСТЫҚ АЛАҢЫ» ұлттық спорт фестивалі өтті


Алматы қаласы Алмалы ауданында Наурыз мерекесіне орай «СПОРТ – ДОСТЫҚ АЛАҢЫ» ұлттық спорт фестивалі өтті. Іс-шара Алматы қаласы Спорт басқармасы, «Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» және Алмалы ауданы әкімдігінің бірлесуімен ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға «Сенімен болашақ» аналар қоғамдық бірлестігі мен Республикалық әжелер және аталар қауымдастығының өкілдері құрметті қонақ ретінде қатысып, ұлттық дәстүрді дәріптеді. Ақ жаулықты әжелер ұршық иіріп, жүн түтіп, ақсақал бата берді. Шараның Көрісу күні қарсаңында өтуі мерекенің мәнін одан әрі арттыра түсті.
Қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, СДБАММИК басшысы Ж. Танабаева қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтап, ұлттық ойындардың жеңімпаздарын марапаттады.
Фестиваль аясында асық ату, гір көтеру, арқан тарту, армрестлинг және секіртпемен секіру бойынша жарыстар өтті.
Наурыз құтты болсын!

@maksat_serikovich
@kpn_mvdrk
@akimat_almaty
@committee_sport
@edualmaty
@almatysport_basqarmasy
@darkhan_nurkhanuly
@almatydaryny
@colleges_of_almaty
@akimat_almaly
@zh.tanabayeva