
2026 жылғы 17 наурыз күні сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін
Алмалы ауданының әкімі Арман Нұржанұлы Шамшиннің тұрғындармен кездесуі өтеді.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 210, №216 жалпы білім беретін мектеп.
Іс-шараға Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары,
Қоғамдық кеңес мүшелері, прокуратура органдарының өкілдері,
сондай-ақ аудандық басқармалардың басшылары мен қызметкерлері қатысады.
Халықтың өзекті және басым бағыттар бойынша ұсыныстары
келесі телефон нөмірлері арқылы қабылданады:
📞 313-31-08, 313-31-12
Сонымен қатар ресми әлеуметтік желілердегі парақшалар арқылы:
📱 Instagram: @akimat_almaly
📘 Facebook: @akimatalmaly
💬 Telegram: @almalyaudany
Баршаңызды кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз!