
Алмалы ауданының бастауыш сынып оқушыларына арналған әлеуметтік клубының оқушылары ата-аналарына қоңырау шалып, жүрекжарды алғыстарын білдірді.
Балалардың «Рахмет, анашым!», «Рахмет, әке!» деген шынайы сөздері әр отбасының жүрегін елжіретті.
Жылы сөз – жүрекке қуат, ал алғыс – отбасының берекесі.
Мейірім мен ризашылық әр шаңырақта арта берсін!
Алғыс айту күні құтты болсын!
#АлғысАйтуКүні #1Наурыз #АлмалыАуданы