Ел болашағы туралы диалог: Алмалы ауданында жаңа Конституция жобасы талқыланды

Ел болашағы туралы диалог: Алмалы ауданында жаңа Конституция жобасы талқыланды

2026 жылғы 17-18 ақпан күндері Алмалы ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Батай Қабылов «Белсенді ұзақ өмір» орталығында және аудан ардагерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесулерін өткізді.

Жиын барысында 2026 жылғы 15 наурызға жоспарланған Республикалық референдумның маңыздылығы мен жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды. Атап айтқанда, мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі (Парламент-Құрылтай, Халық кеңесі), жер қатынастары, денсаулық сақтау және зейнеткерлерді әлеуметтік қорғау мәселелеріне басымдық берілді.

Кездесуде сөз сөйлеген К. Татабаева, Д. Умаров, Б. Жоламанов және С. Ахмедов конституциялық жаңарудың мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтудағы рөлін атап өтті. Жиналған қауым жаңа Ата заң жобасын және мемлекеттің «Адам — мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» атты басты қағидатын толық қолдайтындарын білдірді.