Ауданда стихиялық сауданың жолын кесу бойынша іс-шаралар өткізілді

Ауданда стихиялық сауданың жолын кесу бойынша іс-шаралар өткізілді

Алмалы ауданы полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппаратымен бірлесіп Төле би, Түркебаев, Қарасай батыр және Прокофьев көшелерінің алаңында ретсіз саудаға жол бермеуге бағытталған іс-шаралар өткізді.
Осы іс-шаралар шеңберінде құқық қорғау органдарының өкілдері заңсыз сауданы жоюға қатысты.
Аталған мәселе Алмалы ауданы әкімі аппаратының және Алмалы ауданы полиция басқармасының тұрақты бақылауында. Құқық бұзушылықтар қайталанған жағдайда құқық бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес жауапкершілік қолданылатын болады (абаттандыру ережелерін бұзу, инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл желектерді жою және зақымдау).