Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкері күні

Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкері күні

Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкері күні
«Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкері күні» мерекесі аясында аудан әкімі Бекқали Торғаев Алмалы ауданының әлеуметтік саласының дамуына үлес қосқан үздік мамандарды құттықтады. Бекқали Нұрғалиұлы әлеуметтік қызметкерлерді адал еңбегі үшін алғыс хаттармен марапаттады, сондай-ақ барлығына денсаулық, шыдамдылық және кәсіби өсу тіледі.
Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Бекжанова Айнұр әлеуметтік қорғау жүйесінде ерекше адамдар жұмыс жасайтынын – қызметіне немқұрайлы қарамайтын, өз жұмысын ресми емес, бүкіл өмірінің кәсібі ретінде қабылдайтын адамдар екенін атап өтті.