Сұлулық күні

Сұлулық күні

Сұлулық күні
Қарттар айлығы аясында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Сұлулық күні» акциясы өткізілді. Іс-шараға белсенді ұзақ өмір сүру орталығының әйелдер қауымының 30-ға жуық өкілдері қатысты, оларға «Империя Сұлулық» салонының шебері Анна Юрьевна және оның шәкірттері нағыз әдемілену мерекесін сыйлады. Стилистер мен маникюр шеберлерінің барлық қызметтері егде жастағы әйелдерге тегін жасалды. Сұлулық күні қонақтарға керемет шеберлердің қамқорлығы мен кәсібилігін сезінуге мүмкіндік берді. Осы бір шуақты күн барлығына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады, жеке бастың күтімі мен адам өмірінің күзі сияқты құнды кезеңді дұрыс пайдалану туралы толып жатқан кеңестер алынды. Сұлулықты бағалай білген адам қартаймайды дегендей, қарт аналар сұлулық салонының ұйымдастырушылары мен шеберлеріне алғыс білдірді.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Алмалы ауданы, Желтоқсан 29 мекен-жайы бойынша орналасқан.