
2026 жылғы 12 қаңтарда Алматы қаласы Алмалы ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері Алмалы ауданы әкімінің аппаратымен бірлесіп, кезекті көшпелі іс-шара барысында Төле би, Түркебаев, Қарасай батыр және Прокофьев көшелерімен шектелген аумақта рұқсат етілмеген (стихиялық) сауданың алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізді.
Көшпелі іс-шара нәтижесінде заңсыз сауда жасау фактілері анықталды. Белгіленбеген орындарда саудамен айналысқан тұлғаларға ескерту беріліп, сондай-ақ 15 әкімшілік хаттама толтырылды.
Аталған мәселе Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен Алмалы ауданы Полиция басқармасының тұрақты бақылауында.