Тегін бокс секциясы ашылды

Тегін бокс секциясы ашылды

Тегін бокс секциясы ашылды
Елдегі Covid-19 пандемиясына байланысты көптеген спорт залдары мен спорт кешендерінің қызметі тоқтатылды. Бұл жалпы бұқаралық спортты ашық аспан астында қауіпсіз тәсілмен дамыту қажеттілігін көрсетті.
Ағымдағы жылы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес Алмалы ауданында меценаттардың қатысуымен Гагарин бульвары бойында Бөгенбай батыр көшесінің қиылысында жалпы ауданы 140 шаршы метр заманауи спорттық жабдықтар, киім- кешек бөлмесі, душ бөлмесі және дәретханамен жабдықталған тегін маусымдық бокс спорт залы салынды.
Жаттықтырушылар Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы тартылды:
1. Шуйелбаев Асқар Нұрланұлы-бокстан спорт шебері;
2. Шайзададинов Заманбек Мұратбекұлы спорт шебері кандидаты;
Спорт залы жыл сайын наурыздан қарашаға дейін, дүйсенбіден сенбіге дейін 3 топқа бөлініп жұмыс істейді: 1 топ 12-ден 14.00-ге дейін, 2 топ 14.00-ден 16.00-ге дейін және 3 топ 16.00-ден 18.00-ге дейін.
Курстарға 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар жазыла алады, топтар 12 адамнан құрылады. Секцияға жазылу үшін медициналық анықтама, ауыстыратын аяқ киім, спорттық киім және өз қолғаптары болуы қажет.