Жаңа жылдық ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған шырша

Жаңа жылдық ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған шырша

Балалардың қуанышы — біз үшін ең үлкен бақыт.Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық мерекелік шырша ұйымдастырылған бұл шара жүрекке жылу сыйлады. Балалардың жүзіндегі шынайы қуаныш пен шат күлкі мерекенің көркін аша түсті.
Аяз атаға жазылған хаттардағы арман-сыйлықтардың орындалуы балаларға ұмытылмас әсер сыйлап, жаңа жылдық ертегінің шынайы бола алатынын дәлелдеді.
Осындай игі бастамаға қолдау көрсетіп, балаларға қуаныш сыйлаған
ТОО «Транском» @transcom_erg ұжымына зор алғысымызды білдіреміз. Бірлік пен мейірім бар жерде — үміт те, бақыт та бар.
Жаңа жыл әр шаңыраққа амандық, береке және мол қуаныш әкелсін!