Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің құқықтық және этикалық мәдениетін арттыру мақсатында - Алмалы ауданы әкімі аппаратының жаңадан тағайындалған қызметкерлерімен профилактикалық түсіндіру әңгімесі өткізілді.
Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі М.К.Ахетов және аудан әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.І.Жұманов қызметтік әдептің негізгі қағидаттарын, іскерлік қарым-қатынас стиліне қойылатын талаптарды, мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін мінез-құлыққа жол берілмейтінін, сондай-ақ әдеп мәселелері бойынша уәкілетті тұлғаларға консультация алу тәртібін түсіндірді.
Мұндай кездесулер жас мамандарды қолдауға, олардың ұжымға бейімделуіне және қызметтік мінез-құлықтың бірыңғай стандарттарын бекітуге бағытталған.