Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысы шеңберіндегі жұмыс

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысы шеңберіндегі жұмыс

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысы шеңберіндегі жұмыс.
Алмалы ауданының мониторинг тобы әкімдік, полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі, Ауданның тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, Атамекен Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы құрамы 18 қазан күні сағат 18.31-де Розыбакиев 33б мекен-жайында орналасқан "Нур-Эль" мейрамханасындағы іс-шараны (үйлену тойын) анықтап, оның жолын кесті. Іс-шара қонақтарын (80 адам.) сағат 18: 50-де залдан Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысының нормаларын түсіндіре отырып шығарды, банкет залының басқарушысынан әрі қарай өтетін шаралар туралы Алмалы ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі бақылау басқармасы түсіндірме хат алды.