Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Құрманбек Олжас Құрманбекұлы «Caspian Beverage Holding» АҚ кәсіпорнына жұмыс сапарымен барды. «Caspian Beverage Holding» АҚ — Қазақстандағы азық-түлік өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі. Компания алкогольді және алкогольсіз сусындарды, соның ішінде сыра мен танымал газдалған сусындарды өндіруге маманданған. Сапар барысында кәсіпорынның одан әрі дамуы және 2026–2027 жылдарға арналған инвестициялық жоспарлар талқыланды.