Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі комиссия отырысы

Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі комиссия отырысы

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппаратында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның «Цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік» ұранымен өткен отырысы өтті.
Іс-шара гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы «16 күндік белсенді іс-қимыл» халықаралық науқаны аясында ұйымдастырылды. Қатысушылар кибербуллинг, онлайн-қудалау және жеке деректердің рұқсатсыз таралуы сияқты цифрлық зорлық түрлерінің артып келе жатқанын, олардың көбіне әйелдер мен қыздарға әсер ететінін атап өтті.
Отырыста мемлекеттік органдар, ҮЕҰ және қоғамның бірлескен жұмысы арқылы цифрлық сауаттылықты арттыру және онлайн-зорлықтың кез келген түріне төзбеушілікті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.