Азаматтарды қабылдау – «AMANAT» партиясының филиалында

Азаматтарды қабылдау – «AMANAT» партиясының филиалында

Қоғамдық қабылдау бөлмесінде AMANAT – Орталық аудандық филиалы Ербол Оспанұлы Қалдарбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан түскен өтініштер мен ұсыныстар жан-жақты тыңдалып, әрбір өтінішке тиісті түсіндірмелер мен кеңестер берілді. Кейбір мәселелер құзыретті мекемелерге жолданса, өзекті әрі жедел шешімді талап ететін жайттар әкім орынбасарының жеке бақылауына алынды.
Филиал өкілдерінің айтуынша, мұндай қабылдаулар билік пен халық арасындағы тиімді диалогты нығайтуға, тұрғындардың өзекті мәселелерін жедел әрі нақты шешуге бағытталған. Ашықтық пен қолжетімділік қағидаттарын іске асыру аясында қоғамдық қабылдау жұмысы негізінде тұрақты түрде жүргізіліп келеді.