Кітапхана жүйесінің қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде

Кітапхана жүйесінің қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде

Кітапхана жүйесінің қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде
Кітапханалар – ғасырлар қойнауынан келе жатқан биік парасаттылық пен ғылым-білімнің киелі ордасы. Олар оқырман мен кітап арасын жалғаушы алтын көпір, рухани құндылығымыз. Олай деуге себеп, өткен заман өрнектеріндей тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де осы жерден табамыз.
Бүгінде аудан аумағындағы барлық қалалық 5 кітапхана ҚР-ның 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстарынан өтіп, аяқталу үстінде. Кітапханаларды жаңғырту-біздің оқырмандар үшін қолайлы жағдай жасаудың маңызды қадамы.
Кәсіби мереке аясында, кітапханаларда кітап қорын сақтап, оқырмандарға қызмет көрсететіп, еңбек ететіп жүрген барлық қызметкерлерді құттықтаймыз! Өйткені, кітапханашы-оқырмандарды кітап әлемінің алуан түрлілігімен байланыстыратын адам!
Құрметті кітапханашылар баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ – береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз!