Алматының Алмалы ауданында демалыс күнгі екінші жәрмеңке ашылды

Алматының Алмалы ауданында демалыс күнгі екінші жәрмеңке ашылды

Халықты әлеуметтік бағдарланған саудамен қамтуды кеңейту мақсатында «Алматы» ӘКК қаланың Алмалы ауданында екінші демалыс күнгі жәрмеңкені ашты. Жаңа сауда алаңы әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Жамбыл мен Әуезов көшелерінің қиылысында жұмыс істейді.
Жәрмеңке аумағында отандық тауар өндірушілердің өнімдерін орташа нарық бағасынан төмен бағамен сатуға арналған 30 сауда орны бар. Сатып алушыларға жаңа піскен көкөністер, ет және сүт өнімдері, бал, құс еті, жұмыртқа, сондай-ақ басқа да азық-түлік тауарлары ұсынылады.
Қазіргі уақытта аудан аумағында демалыс күндері жәрмеңкесі сондай-ақ Масанчи көшесінде, Гоголь және Айтеке би көшелерінің арасындағы учаскеде өткізіледі.

В настоящее время ярмарка выходного дня в  районе также проводится по адресу  - ул. Масанчи, между ул. Гоголя и ул. Айтеке би.