Қарттарға арналған аспаздық шеберлік сабағы
Қарттар айлығы аясында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында food fest шеберлік сыныбы ұйымдастырылды. Іс-шараға белсенді ұзақ өмір сүру орталығының құрмет жасындағы 50-дей адамдары және Apache bbq мейрамханасының 5 - дәрежелі аспазшысы Али паша Чайтобаев қатысты.
Осы орталықта әр сейсенбі күндері әр ұлттың тағамдарынан шеберлік сыныбы өтіледі. Бүгінгі Food fest шеберлік сыныбында, заманауи италяндық барбекю тағамының жасалуы көрсетілді. Сонымен қатар шеберлік сыныбының қатысушыларына жасалған тағам ұсынылды.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Алмалы ауданы, Желтоқсан 29, мекен- жайында орналасқан.