Мүгедектер күніне арналған мереке.
Мүгедектер күніне орай «Аяла әлеуметтік қызмет орталығы» КММ-ның ұйымдастырумен Мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан адамдарға арналған мерекелік концерт пен қайырымдылық түскі ас ұйымдастырылды. Мерекелік концерт Алматы қаласы Жетісу ауданының «ШАПАҒАТ» Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері ҚҚ-ның Президенті Гульфира Шамбекқызының демеушілік қолдауымен «Training Café-де» өтті.
Іс - шараға әлеуметтік қызмет орталығының тәрбиешілері, қызмет алушылары мен ата-аналары қатысты. Әлеуметтік қызмет орталығының қызмет алушысы Анна Русакова «Ана» өлеңін шырқады. Және басқада әлеуметтік қызмет орталығының қызмет алушылары мен бірге Сәкен Майғазиев атындағы Smart мектебінің оқушыларының ұйымдастырылуымен мерекелік кеш өтілді. Мерекелік концерттің соңында, әлеуметтік қызмет орталығының қызмет алушылары қайырымдылық түскі астан дәм татты.