Өткен аптада қалалық мәслихат депутаты Елена Бакарасовамен бірге Алмалы ауданы тұрғындарының өтініштері бойынша бірлескен шығу жұмыстарын өткіздік.
Мұндай кездесулер жағдайды орнында көріп, әрбір мәселені егжей-тегжейлі талдауға және оны шешудің нақты қадамдарын бірден айқындауға мүмкіндік береді.
Бірнеше мекенжайға бардық — көтерілген мәселелер қатарында шатыр мен қасбетті жөндеу, апатты ағаштарды кесу, жарықтандыру мен бейнебақылау камераларын орнату, аулаларды абаттандыру және балалар ойын алаңын салу болды.
Мысалы, Наурызбай батыр көшесі, 93 мекенжайында тегін берілген материалдар есебінен жүргізілген косметикалық жөндеу нәтижесін көрдік. Қожамқұлов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында оқушылардың қауіпсіздігі үшін жаяу жүргінші өткелін орнату мүмкіндігін талқыладық. Ал Панфилов көшесі, 24 тұрғындары өз аулаларын жақсарту жөніндегі ұсыныстарымен бөлісті.
Кейбір өтініштер сол жерде, шығу барысында бірден шешілді. Басқа мәселелер бойынша қашықтан жұмыс жүргізілді: тұрғындармен хабарласып, мәліметтерді нақтылап, іс-қимыл тәртібі келісілді. Қаралған өтініштер қатарында Верещагин, Жұмалиев, Шагабутдинов көшелеріндегі және Абай даңғылы бойындағы мекенжайлар болды.
Әр бағыт бойынша жауапты қызметтер мен орындау мерзімдері анықталды.
Біз тұрғындардың өтініштері назардан тыс қалмай, жедел шешім табуына бар күшімізді саламыз. Егер сізде абаттандыру, жарықтандыру немесе тазалық бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды телеграм-чаты¬мызға https://t.me/almalyaudany жолдай аласыз.
Ауданымызды бірге жайлы әрі өмір сүруге қолайлы етейік!