Қарт адамдар күні

Қарт адамдар күні

Алмалы ауданында Қарттар күні айрықша құрметпен және ілтипатпен аталып өтті. Кездесуге ауданның 80-ге жуық ардақты тұрғындары – ардагерлер, еңбеккерлер, аға буын өкілдері жиналды. Шараға келе алмағандарға да құттықтаулар мен ықылас белгілері жеткізілді.
Барша қарт тұрғындарды осы маңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз, даналықтарыңыз бен мейірімдеріңіз аудан мен қаланың дамуына зор үлес қосты. Сіздер – қоғамымыздың мақтанышы, отбасылардың тірегі әрі жас ұрпаққа үлгі-өнеге болып келесіздер.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жақындарыңыздың қамқорлығы мен жүрек жылуын тілейміз.