Жамбыл және Муратбаев көшелеріндегі жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары қалай жүргізілуде

Жамбыл және Муратбаев көшелеріндегі жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары қалай жүргізілуде

Құрметті Алмалы ауданының тұрғындары!
Сіздерді толғандырып жүрген Жамбыл мен Мұратбаев көшелеріндегі жөндеу жұмыстарының барысына қатысты мәліметпен бөлісуді жөн көрдік.
🔧 Аталған аумақта 1977 жылы салынған ескі жылу желілері толықтай ауыстырылып жатыр. Олар өзінің пайдалану мерзімін әлдеқашан өтеп, соңғы үш жыл ішінде 20-дан астам апат тіркелген еді. Сондықтан толық жаңғырту жұмыстары уақыт талабынан туған шешім болды.
Жөндеу жұмыстары маусым айында басталды, мердігер мекеме – «Алматинские тепловые сети» ЖШС. Қазіргі таңда жұмыстардың шамамен 80%-ы аяқталып, бірқатар аулалардағы бөлігі толық біткен. Қазір соңғы кезең – жылу камераларын қосу жұмыстары жүргізілуде.
✅ Жамбыл көшесінің бойындағы жолды қыркүйек айының алғашқы күндерінде ашу жоспарланып отыр. Ал барлық жұмыстарды ай соңына дейін аяқтау көзделуде.
🚧 Әрине, жөндеу белгілі бір қолайсыздықтар тудыруы мүмкін, әсіресе жұмысшылардың таңғы ерте бастайтын уақыты кейбір тұрғындарға жайсыздық әкелуде. Бұл үшін алдан ала кешірім сұраймыз. Мұндай қадамдар тек жұмысты қысқа мерзімде сапалы аяқтау үшін жасалып отырғанын атап өтеміз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аумақта арнайы қоршаулар мен уақытша өткелдер орнатылған.
🙏 Құрметті тұрғындар! Сабырларыңыз бен түсіністіктеріңіз үшін үлкен алғыс айтамыз.
Егер өзге учаскелерге қатысты сұрақтарыңыз болса, біз әрдайым толық ақпарат беруге дайынбыз.