Жұмыс жәрмеңкесі

Жұмыс жәрмеңкесі

Алмалы ауданы әкімінің аппараты Алматы қаласы Еңбек мобильдігі орталығымен бірлесіп жұмыс жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Іс-шараға 30 ұйым қатысып, үміткерлерге кең ауқымды бос жұмыс орындарын ұсынды. Қатысушылар жұмыс берушілермен әңгімелесуден өтіп, кеңестер алып, әрі қарайғы келіссөздер үшін қосымша кездесулерді жоспарлады.

🔹Жұмыс жәрмеңкесі жұмыс берушілер мен аудан тұрғындары арасындағы тікелей диалог үшін тиімді алаңға айналды.