Ардагерді құттықтау

Ардагерді құттықтау

Ардагерді құттықтау
Алмалы ауданының әкімі Б. Торғаев қарттар айлығы қарсаңында, Ұлы Отан соғысы ардагері Сариев Құнашты 95 жылдық мерейтойымен құттықтап «Ел үшін аянбай қызмет етуді басты парыз деп санайтын, Сіздің өмір жолыңыз - қиындығы мен ғибраты мол өрелі жол.
Сонау ел басына күн туған сұрапыл кезең Ұлы Отан Соғысында жастайыңыздан Отанды қорғауда ерлік таныттыңыз.
Осы еліміздің игілігі үшін атқарған қажырлы еңбектеріңіз еленіп «Қызыл Жұлдыз», І және ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс» Ордендерімен марапатталдыңыз. 
Қазіргі таңда 3 ұл, 7 немере, өнегелі ұрпақты тәрбиелеп келесіз.
Өміріңіз қашан да жақсылық пен игілікке, қуаныш пен шаттыққа толы болсын. Өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілеймін!» деп өз лебізін білдірді.