2025–2030 жылдарға арналған «Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасы аясында 2025 жылғы 24 маусымда Алматы қаласы, Байтұрсынұлы көшесі, 22, 1-ғимарат мекенжайында халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және тегін заңгерлік кеңес беру мақсатында ақпараттық-түсіндіру акциясы өткізілді.
Аталған акцияға келесі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты:
– Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты;
– Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті;
– Алматы қаласының Полиция департаменті;
– Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет);
– Алматы қаласының Прокуратурасы;
– Алматы қаласының Әділет департаменті.
Іс-шара барысында қала тұрғындарына қолданыстағы заңнама бойынша кәсіби заңгерлік көмек көрсетіліп, құқықтарын қорғауға және заңды мүдделерін іске асыруға қатысты түсіндірме мен ұсыныстар берілді.