Тегін заңгерлік кеңес 24 маусымда өтеді

Тегін заңгерлік кеңес 24 маусымда өтеді

📢Құрметті Алмалы ауданының тұрғындары!
2025–2030 жылдарға арналған «Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасы аясында 2025 жылғы 24 маусымда тегін заңгерлік кеңес беру бойынша ақпараттық-түсіндіру акциясы өткізіледі.
📍Өтетін орны: Байтурсынов көшесі, 22, 1-ғимарат
🕙Басталуы: 10:00
Акция барысында тұрғындар құқық қорғау және мемлекеттік органдар өкілдерінен құқық және заңнама мәселелері бойынша кәсіби кеңес ала алады.
Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!