Акция аясында Алмалы ауданының өтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері халық арасында электр скутерлерін пайдалану ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, оның ішінде:
* қайта зарядталатын батареяларды қалай дұрыс зарядтауға болады;
* қандай зарядтағыштарды қолдануға болады;
* неліктен скутерді түнде немесе тікелей күн сәулесінде зарядтауға қалдыруға болмайды;
* ақаулықтарды қалай тануға және өрттен аулақ болуға болады.
Сонымен қатар, қызметкерлер электр скутерлерін сататын дүкендерге барып, өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша сатушылармен және қызметкерлермен профилактикалық әңгімелер өткізіп, сатып алушыларды қауіпсіз пайдаланудың негізгі ережелері туралы хабардар етудің маңыздылығын еске салды.
Бұл іс — шаралардың мақсаты-азаматтардың хабардарлығын арттыру және электр скутерлерді дұрыс пайдаланбауға байланысты өрт қаупін азайту.