Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның отырысы

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның отырысы

"Қазақстан - зорлық-зомбылықсыз отбасы" республикалық науқаны аясында Алматы қаласының Алмалы ауданында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның отырысы өтті. Жиын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және жәбірленушілерге әлеуметтік көмек көрсету мәселелеріне арналды.
Отырысқа полиция, әлеуметтік қызметтер, білім және денсаулық сақтау салаларының өкілдері, тәжірибелі психологтар мен дағдарыс орталықтарының мамандары қатысты.
Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетудің тиімді тетіктерін әзірлеу және тиісті құрылымдардың үйлесімді әрекеттерін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Күн тәртібінде — зорлық-зомбылықтың алдын алу бағдарламаларын жүзеге асыру, үкіметтік емес ұйымдардың нақты көмек көрсету тәжірибелері, сондай-ақ халық арасында ақпараттық-ағарту жұмыстарын күшейту қажеттілігі қаралды.
Жиын қорытындысы бойынша мұндай ведомствоаралық кездесулерді тұрақты өткізу, құқықтық түсіндіру жұмыстарын кеңейту, сондай-ақ халықтың осал топтарымен жұмыс істейтін мамандар үшін оқыту семинарларын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

#КазахстанБезНасилияВсемье #StopНасилиеВсемье #ПолицияБережет