Сәлем, құрметті алматылықтар! 🌿
Көптен бері: «Келесі эконауқан қашан болады?» деген сұрақты жиі естіп жүрміз. Сондықтан қуана хабарлаймыз!
Recycle БІРGE эконауқаны 22 маусым күні №120 гимназиясының аумағында өтеді 💚
Іс-шара Алмалы ауданы әкімінің аппараты @akimat_almaly және Алматы даму орталығының @almatydc.kz қолдауымен өтеді.
📌 Сізді не күтіп тұр?
● 🌍 Recycle аймағы – қалдықтарды қайта өңдеуге жинау
● 👚 Reuse аймағы – заттарды қайта қолдануға тапсыру
● 🎁 Дармарка – бұл жолы тек "ЗАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ" форматында
● 📚 Кітап алмасу – оқы, бөліс, ауыстыр, қайтала
● 🌱 Өсімдіктер алмасу – әр үйге жасыл өсімдік
● 🛍 Экожәрмеңке – ең пайдалы әрі экологиялық өнімдер
🗓 Қашан: 22 маусым (жексенбі)
⌚ Уақыты: 12:00–16:00
📍 Қайда: №120 гимназия, Құрманғазы көшесі, 76, Алматы
Отбасыңызбен келіңіздер, достарыңызды шақырыңыздар және осы жазбамен міндетті түрде бөлісіңіздер!
Алдағы күндері әр аймақ туралы толығырақ ақпаратпен бөлісеміз — жаңалықтарды бақылап отырыңыздар.
🇰🇿 Іс-шара республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылып отыр.
Сұрақтарыңыз болса — пікірге жазыңыз, қуана жауап береміз!
👥 Ұйымдастырушылар: @recycle.birge @recycle.birge.qaz @aliyasalmenova @ecocity_kz @darmarka.almaty @kamila_akimbekova
Музыка: Point Blank
Музыкант: Not The King