«Таза Қазақстан» бағдарламасы және «Алматы — біздің ортақ үйіміз» атты науқаны аясында Алмалы ауданында кең ауқымды тазалау және абаттандыру шарасы өтті.
Ауданның барлық бөліктерінде жергілікті сенбіліктер ұйымдастырылды: алмалықтар саябақтарды, даңғылдарды және ғимараттардың маңайындағы аумақтарды ретке келтірді.
Әсіресе Гагарин даңғылына ерекше көңіл бөлінді. Мұнда тазалау жұмыстарына коммуналдық қызметтер, Алмалы ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ Алмалы комьюнити орталығының жастары қатысты — барлығы 120-дан астам адам.
Экоакцияға келесі медицина мекемелерінің қызметкерлері қатысты:
ШЖҚ «Қалалық кардиология орталығы» МКК, ШЖҚ «Алмалы ауданының Қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы» МКК, №1 Перзентхана,
№30 қалалық емхана және басқа да мекемелер.
Бизнес өкілдері мен кәсіпкерлер де белсенді түрде қатысып, жалпы саны 1500-ге жуық адамды құрады.
Атқарылған жұмыстар:
🌳 Мәселе тудырған аймақтарда ағаштарды санитарлық қырқу және кесу жүргізілді.
🧹 Жаяу жүргінші жолдары мен қоғамдық кеңістіктер тазартылды.
🌿 Жасыл аймақтар ретке келтірілді.
🚚 80 м³-ден астам қоқыс шығарылды.
🛣 Белгілі бір учаскелерде жол жабындысына ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Аудандық экоакцияға жалпы 1700-ден астам адам қатысып, 20-дан астам техника бірлігі жұмылдырылды. Аудан тұрғындары да шарадан шет қалмай, белсенді қатысып қолдау көрсетті.
Осы маңызды шараға қатысқан барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз!
Ауданымызды одан әрі таза әрі көрікті етейік!