Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова атындағы саябақта қалалық «BALA FEST. JARYQ SKILL FEST» фестивалі ұйымдастырылды.
Ал Махатма Ганди атындағы саябақта кішкентай қонақтарды сүйікті мультфильмдерге негізделген ойындармен аниматорлар қарсы алды. Бұл күні саябақта ерекше көңілді және думанды атмосфера орнады – көрермендерге әсерлі «Трансформерлер шоуы», «Сабын көпіршіктер шоуы», Мұрат Мутұрғановтың цирктік қойылымы және басқа да көптеген қызықты бағдарламалар ұсынылды.
Барша балаларды және олардың ата-аналарын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Балалық шақтары жарқын, қауіпсіз әрі қуанышқа толы болсын!