«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ (бұдан әрі – аудан әкімінің аппараты) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы «Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2025 жылғы 02 маусым мен 30 маусым аралығында аудан әкімі аппаратының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізу жоспарланғанын хабарлайды:
1) Аудан әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Аудан әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, 2025 жылғы 02 маусымға дейін (қоса алғанда) ақпаратты «berjanalmat@gmail.com» электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.
Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда 8(707)-131-70-10 телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.